Аталмыш құжат қолданыстағы заңнама нормаларын Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасына сәйкес келтіру, сондай-ақ қылмыстық процесті одан әрі жетілдіруге бағытталады.
«Ілеспе заң жобасын қабылдау жаңа редакцияда әзірленген Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкестендіріледі. Сонымен қатар, тергеуге дейінгі тексеру, тергеушінің айып тағуы, соттың істі қосымша тергеуге қайтару институттары алынып тасталады. Оның есесіне сотқа дейінгі іс жүргізу процесі жетілдіріліп, тергеуші мен прокурор арасындағы байланыстар пысықталады. Жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау нормалары айқындалады», - дейді депутат Рамазан Сәрпеков.