Оған Бас прокуратураның қызметкерлері, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының, Қазақстандағы АҚШ елшілігінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысуда.
«Қазақстанда жемқорлықпен күрес бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл өз кезегінде заңсыз жолмен табылған қаражатты заңдастыруға тосқауыл қоюдың бір элементі болып табылады. Екіншіден, қарсы күрес шаралары есірткі бизнесінің жолын кесуге байланысты»,-деді ҚР Бас прокуратурасы институты директорының орынбасары Шәкір Шаяхметов. Осы орайда ол есірткі саудасынан түскен қаражат та лаңкестік ұйымдарды қаржыландыруға бағытталып жататынын тілге тиек етті.
Атап айтқанда, республикада екі жылдан астам уақыттан бері қаржылық мониторинг комитеті жұмыс істеп жатыр. Оның жұмысы күдікті қаржылық операцияларды бақылауға негізделген
Белгілі болғандай, екі жылдың ішінде қылмыстық қудалау органдары заңсыз жолмен тапқан қаржы мен басқа да мүлікті заңдастыруға байланысты 250-ге жуық қылмысты анықтады. Алайда , аталған қылмыстық табыстардың ізін жасырудың нақты ауқымы айтарлықтай жоғары көрінеді.