Қылмыстық топтың құрамында қаржы полициясының бұрынғы қызметкері, екінші деңгейлі банктің басқарушы қызметкерлерінің бірі болған. Олар 2017-2019 жылдар аралығында 7 жалған фирманың банк шоттары арқылы 3,9 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған.
Қазір 6 күдікті сот процесін күтіп, қамауда отыр.
Сонымен қатар, олардың мүліктеріне тыйым салынды.
Атап өтілгендей, 2019 жылдың 22 тамызы - 31 желтоқсаны аралығында Экономикалық зерттеулер департаменті күмән тудыратын мәмілемен байланысты 41 істі сотқа жіберген.
Прокуратура арқылы экономикалық сотқа 820 арыз берілді. Бұл істер бойынша күмән тудыратын компаниялармен құны 123 млрд теңгеге мәмілелер жасалған.