Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Құқық қорғау органдарын реформалау кезінде қылмыстық - атқару жүйесінің қызметін жетілдіру» атты дөңгелек үстел отырысында Президент әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, аталмыш құжат санкцияларды жеңілдету, сотқа дейін тұтқынға алуға негіз болатын шарттарды қысқарту сияқты мәселелерді қарастырады. Қорыта келгенде, ол қылмыстық жаза құрылымында бас бостандығынан айыру жағдайларының үлес салмағын кеңейтуді көздейді. «Егер заң күшіне енсе, жеңіл және орта деңгейлі қылмыс жасағандары үшін сотталғандар санын 8 мыңға қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл еліміздегі барлық сотталғандардың 18 пайызы. Олардың қатарына осы заң қабылданғанға дейін сотталған және сотталғалы тұрған азаматтарды да кіргізуге болады», - деді Президент Әкімшілігінің өкілі.
Оның пікірінше, қылмыстық-атқару жүйесін жаңғыртудың басым бағыттары қауіпті қылмыскерлерді қоғамнан оқшаулау, бас бостандығынан айыру орындары бойынша белгіленген тәртіпті сақтау, халықаралық нормаларға сай қызмет ету, ақпаратқа қолжетімділік сияқты өзге де бірқатар талаптар болып қалуы керектігін атап көрсетті.
«Әрине, бұл бағыттағы шаралар бізде қазірдің өзінде орындалуда. Дегенмен, әлі де болса жетілдіре түсуді қажет ететін мәселелер бар», - деді А.Шпекбаев.