Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге тексеру жүргізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге тексеру жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент Әділет министрлігіне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын түзетуді жүктеуді тапсырды. Біріншіден, «Әділет органдары туралы» Заңға, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне заңнамалық түзетулерді талап етеді. Біз бұл жұмысты бастадық және бұл түзетулер осы жылдың соңына дейін қабылданады деп болжануда», - деді министр.

Екіншіден, оның атап өтуінше, кадрлық әлеуетті нығайту және заң шығару қызметінің сапасын арттыру бойынша ұйымдастыру шаралары қабылданады.

«Үшіншіден, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге ревизия жүргізуіне келер болсақ, бұл ауқымды жұмыс және мамандарды, ғалымдар мен практиктерді тартуды талап етеді. Біз оны аяқтап, тиісті заң жобасын 2023 жылдың тамызына дейін әзірлеуді және оны 2023 жылдың соңына дейін Парламентке енгізуді көздеп отырмыз», - деді Қанат Мусин.