Қ. Мәми құқық қорғау органдарының қызметі адам құқын қамтамасыз етуге бағытталғанын айта келе, осы құқықты қорғауға тиісті мемлекеттік органдар қылмыстық жауапқа тартылған азаматтардың құқы бұзылуы мәселесіне жол бермеу шараларына жіті назар аударулары қажет екенін атап көрсетті.
Республиканың Ата заңы адамның өмірін, құқығы және бостандығын жоғарғы құндылық ретінде жариялады. Осы орайда еліміз адам құқы саласында 60-тан астам көптеген әмбебеп халықаралық келісімдерді ратификациялады»,-деді Қ. Мәми. Оның негізгілерінің арасында азаматтық және саяси құқық жөніндегі халықаралық пакт, сондай-ақ азаптауға, адамды кемсітушілік әрекеттерге қарсы конвенциясы бар.