Қылмыстық жазалауды алып тастау қажет - шетелдік инвесторлар
«Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» қауымдастығының басшысы Агрис Прейманистің айтуынша, соңғы отырыстан кейін бірнеше жұмыс тобы құрылып, әрбіреуі өз ұсыныстарын әзірледі.
«Біріншіден, адам капиталын әлі де жақсарту қажет. Әсіресе, қазіргі озық технологияларды ескере отырып, маман даярлау мәселесіне баса назар аударған жөн. Себебі сапалы жұмыс күші әлі де жетіспей жатыр. Ондай проблемаға шетелдік инвесторлар ғана емес, жергілікті компаниялар да тап болуда. Дәл осы мәселе бизнесті дамытуға қолбайлау болып отыр. Екіншіден, жаңа Экологиялық кодексті бірлесіп әзірлеу керек. Бүгінде Қазақстан қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Алайда нормативтік актілерді әзірлегенде қазақстандық өндірістің жаһандық бәсекелестігін де ескеру керек. Соның нәтижесінде экономикалық өсім де болады. Біздіңше, айыппұлдарды салған кезде нақты дәлелдер болуы қажет. Сосын экономикалық залалды жанама бағалауды алып тастаған дұрыс», - деді А.Прейманис бүгінгі отырысында.
«Сосын шетелдік компаниялардың филиалдары мен бөлімшелеріне қатысты қазіргі валюталық реттеуді қалдыру қажет», - деп атап көрсетті А.Прейманис.