Қымбат тонды декларациялау қажет пе

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жалпыхалықтық табыс декларациясына қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұған дейін деайтылғандай, азаматтардың табысын декларациялау кезең-кезеңмен жүзеге асатынболады. Бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары жаңаформатта декларация тапсыра бастайды. Бұл 2021 жылы басталады. Осылайша,кезең-кезеңмен бүкіл салық төлеушіні қамтитын болады», - деген комитет басшысықымбат заттар мен мүліктерді декларациялау тәртібіне тоқталды.

«Егериелігіңізде қымбат тон болса, оның сатуды жоспарласаңыз, міндетті түрдедекларация тапсыруыңыз керек. Ал егер оны сатып, пайда табуды ойламасаңыз, яғни өзіңіз киетін болсаңыз, декларациядакөрсетудің қажеті жоқ. Бұл талап қымбат тоннан бөлек бағалы зергерлік бұйымдармен мал-мүлікке де қатысты. Әзірге декларациялауға жататын заттардың шектікқұны белгісіз. Бұл мәселені сарапшылармен ақылдасып жатырмыз», - деді МаратСұлтанғазиев.

Соңғы жаңалықтар