Қымызмұрындық - ұлттық идеяны жаңғыртудың бір көрінісі

None
АЛМАТЫ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақ мәдениеті көп қырлы, сан салалы. Оны көшпенділер өркениетінің үлгісі деп шектеуге болмайды.
Бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қымызмұрындық» халықтық фестивалінде осындай пікір білдірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Менің ойымша, біз бүгін үлкен бастаманың алдында тұрмыз. Бұл мейрамда үлкен астар жатыр. Бұл кереметті жалғастырып, этнографияны өндіріске айналдыру керек. Қазаққа қымыз іш деп үгіттеген күпірлік болар. Ол тек қана тағам, сусын емес, ұлттық идея. Қымыз бен ет қатар жүруі керек. Қазақтың рухы ? салт дәстүрінде», - дейді тарих ғылымының докторы, белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали. Ғалымның пайымдауынша, қазақ мәдениетін көшпенділер өркениетімен шектеуге болмайды. Қазақ мәдениеті көп қырлы, сан салалы. Бізде көшпелі және отырықшы өмір салты да қатар жүрді. Түйенің қомында отырып алтын адамның киімін жасау мүмкін емес. Оны қарабайырландыруға болмайды.