Қыр­ғызстан мен Тәжік­стан - ғаламдық жылудың салдарын кеш сезінетін елдер қатарында

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Бұл тақырыпты Британияның Maplecroft зерттеу институты қолға алған болатын.

Олардың құрастырып шыққан рейтингісін Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы, апаттар мен климат өзгерісін бақылаушы халықаралық ұйым да құптайды. Мұнда, негізінен, елдердің теңіз деңгейінен қан­ша­лықты биік және алыс жатқаны, жылдық жоғарғы және төменгі температурасы, хал­қының саны және азық-түлік қоры ескерілді. Сол бойынша, климаттың өзге­руінен жер бетінде ең алдымен Джибути, Мысыр, Пәкістан, Куба, Ирак, АҚШ, Канада, Ка­тар сынды жалпы саны 30 шақты ел зар­дап шегеді. Бұл тізімде Қазақстан 71-орында тұр. Зерттеу аясы жалпы саны 123 ел­ді қам­тыған болатын. Ал керісінше, кли­мат­тың өзгеруін кешеуілдетіп сезінетін ел­дер­дің қата­рында ең алғашқы болып Қыр­ғызстан, Армения, Македония, Тәжік­стан және Словакия елдері аталады. Жалпы ал­ғанда, Орталық Азия - климаттық өз­герісті кеш сезінетін аймақтың қатарын­да, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.