Қырағы полицей қылмыскерді ұстады - Павлодар

ПАВЛОДАР. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының ІІД кадрлық жұмыс басқармасының инспекторы, полиция аға лейтенаты Қуаныш Асқаповтың қырағылығы арқасында Павлоларда қылмыс беті ашылды,

деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкері үйіне келе жатқан кеште оған екі жас жігіт келіп, «Самсунг» маркалы ұялы телефон сатып алуға ұсыныс жасаған. Бұл кімнің телефоны деген сұраққа жігіттер досымыздікі деп жауап берген.

Аға полиция лейтенаты ұялы телефонды қарап тұрып, екі жігіттің бірінің қолындағы түйреуішті, екіншісінің жеңінен шығып тұрған пышақты байқап қалады. Ұялы телофон экранынан «Алла сақта» деген жазуды оқыған соң, Асқапов ұялы телефонның иесін анықтау үшін күдікті жас жігіттерді полиция бөлімшесіне апару туралы шешім қабылдайды.

Оның полиция қызметкері екені туралы естіген қылмыскерлер табанда қашпақ болған. Бірақ Асқапов олардың біреуін ұстап қалып, Оңтүстік полиция бөлімшесіне жеткізеді. Сол жерде 22 жастағы павлодарлық жігіт түнде бір азаматшаның ұялы телефонын, күртесі мен аяқ киімін тартып алғаны анықталады. Ұсталған жігіт жақында ғана осындай қылмысы үшін жазасын өтеп шыққан екен.