Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ұры бөтен адамның көлігін тонамақ болған. Сол сәтте қасынан өтіп бара жатқан ер адам оның әрекетінен күдіктеніп, видеоға түсіріп алады.
"Видеоны зерттей келе полиция ұрының кім екенін анықтады. 43 жастағы ер адам бұның алдында да ұрлық жасап, істі болған. Аталған дерек бойынша Алмалы ауданы полиция басқармасы ҚР ҚК 188-бабымен тергеу жұмыстарын жүргізуде",- деді департамент басқармасының басшысы Есен Ысқақов.
Алматы полициясы азаматтық позициясын білдірген ер адамға алғыс айтты.