Кырчын шатқалында Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арналған киіз үйлер су астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кырчын шатқалында ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арналып құрылған 20 киіз үйді су басты.

  Бұл туралы  жұмада КирТАГ  Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлады. 

«Бүгін, 2 қыркүйекте, сағат 14:20-да Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтетін   Кырчын  жайлауында қатты нөсер жауып, салдарынан 20 киіз үйді су басты», - делінген хабарламада.

Жергілікті тұрғындар және ТЖМ 50 құтқарушысы тазалау жұмыстарын жүргізуде.

Еске салсақ, Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Ыстықкөлде 1-8 қыркүйек аралығында өтеді.