сейсенбіде журналистермен кездескен Қырғыз Республикасының Қазақстандағы елшісі Жаныш Рүстенбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Естеріңізде болса, елдің Баткен облысында лаңкестік оқиғалар орын алған болатын. Ауғанстан аумағынан Қырғыз жерінің оңтүстігіне таман ысырылған қарулы жасақтар қауіп төндіруде. Енді елдің оңтүстігінде қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігі туындауда. Қазір Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Жедел әрекет етуші ұжымдық күшінің әскери базасын ашу мәселесі жайлы келіссөздер жүргізілуде. Бұл тақырып тамыздың 1-і мен 2-сі күндері Ыстықкөлде өткелі отырған ұйымның бейресми саммитінде көтеріледі деп болжамдаймын», деді Ж.Рүстенбеков.
«Бұл базаны Қырғыз аумағына орналастыруда ешқандай оғаштық жоқ. Ресей біздің стратегиялық әріптесіміз», деп атап көрсетті ол.
Еске сала кетейік, бұның алдында Ресей мен Қырғыз мемлекеттерінің өкілдері ҰҚШҰ Жедел әрекет етуші ұжымдық күшінің әскери базасын Қырғызстанда құру мәселесі жайында Бішкекте келіссөздер жүргізгендігі жөнінде ақпарат тараған болатын.