Қырғыз депутаттары жұма күнді демалыс күні деп жариялауды ұсынды

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Ақ үйіндегі намазхана аузы-мұрнынан шыға лық толы болады, оған 200-ден астам адам барады, деп мәлімдеді «Ар-Намыс» фракциясының атынан Жоғарғы Кеңес депутаты Тұрсынбайұлы Бәкірұлы.

Спикердің сөзіне қарағанда, Жоғарғы Кеңесте 35 адам намаз оқиды. «Әрбір төртінші депутат намазхан, менің 20 әріптесім қажылыққа барған», - дейді қырғыз депутаты.

Соған байланысты Тұрсынбай Бәкірұлы жұма күнді демалыс күні деп жариялауды ұсынды. Тіпті Қырғызстан парламенті заң жобасын билік пен мүфтиятқа бекіту үшін жібергенін жеткізді. «Мен кеше мүфтиймен кездестім. Ештеңеден қорықпай Құранда қалай жазылған, дәл солай жазыңдар дедім», - деп қосты ол.