Қырғыз еліндегі жағдайларға қатысты Қазақстанның ұстанымы ЕҚЫҰ құралын тиімді пайдалануға қатысты мысал бола алады - К. Кильюнен
Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның іс-басындағы төрағасының сайлауды бақылау механизмдері жөніндегі арнайы өкілі, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының арнайы өкілі Киммо Кильюнен ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездесуі барысында мәлім етті.
Өз кезегінде Қ. Саудабаев қырғыз еліндегі жағдайды талқылау барысында референдумның сәтті өткізілуін қолдағанын, ал ондай қадам саяси тұрақтылық пен конституциялық тәртіптің қалпына келуіне жол ашқанын мәлімдеді. Мемлекеттік хатшы сондай-ақ, ЕҚЫҰ-ның Қырғызстандағы парламенттік сайлаудың өтуіне әзірлігін атап өтті. Сондай-ақ, Қ. Саудабаев К. Кильюненнің қырғыз елінің оңтүстігінде орын алған жағдайды тексеру жөніндегі халықаралық комиссияны басқаруға әзірлігіне байланысты алғысын жеткізді.