Қырғыз елінің «Тұңғыш» жастар театры гастрольдік сапармен Алматыға келді

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Бүгін қырғыз елінің «Тұңғыш» жастар театры  шағын гастрольдік сапармен Алматыға келді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

   Театр қыркүйек айының 28-і мен 29-ы аралығында Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Ханшаның көз жасы»атты  спектакльді сахналайды.

   Бұл қойылымда қырғыз елінің ұлттық философиясы көрініс тапқан. Басты кейіпкер - Құрманжан Датқа  Шығыс елінде ханшайым болған алғашқы әйел. Оның ел басқару кезеңінде, қырғыз халқының ұлт ретінде болуы не болмауы тұрғысында екіұдай сәттер болған. Осындай қиын-қыстау кезде ханшайым ұлт үшін туған ұлын құрбан етіп, халықты құрып кету қаупінен сақтап қалады. Спектакльде ханшайым образы түрлі қарама-қайшылықтарға толы.

 Басты рөлді Қырғызстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  Жамал Сейдахметова сомдаған. Шығарма - қырғыз тілінде.

   Еске сала кетсек, аталмыш театр 2005 жылы алғаш рет кәсіби тұрғыда «Шолпан» атты қырғыз мюзиклін сахналаған.

Ол - өзін-өзі қаржыландыратын жекеменшік өнер ошағы.