Қырғыз қолөнер шеберлері туристер үшін 32 мың қалпақ, 8 киіз үй және 723 кілем дайындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыздың қолөнер шеберлері туристер үшін 32 мың қалпақ, 8 киіз үй және 723 кілем дайындады. Бұл туралы КирТАГ-қа ҚР Ұлттық статистика комитетінің өнеркәсіптік статистика бөлімінің меңгерушісі Чынар Абдрахманова мәлім еткен.

«Бірінші жартыжылдықта Қырғызстанда 1 млн. 735 мың сомға 32 мың 186 қалпақ, 723 ұлттық кілем, 8 киіз үй, ұлттық киімдер әзірленді», деп хабарлады ол.

Осы кезеңде қырғыз қолөнер шеберлері 4 млн. 758 мың сомға сыйкәделер шығарған.

Ұлтстаткомның деректеріне қарағанда, 450 млн. сомның туризмді дамытуға ықпал ететін тауарлары өндірілген.