«2017 жылдың 26 қаңтарында Чу облысының Иссык ата ауданының Кен-Булум елді мекенінің шетінде жанар-жағар майды арнайы құбыр арқылы сорып алумен айналысып келген Қығызстан азаматтарын ұстады. Бұл желі Шу өзенінің түбінен Қазақстанан Қырғызстанға жүргізілген»,- делінген хабарламада.
Қырғызстан азаматтары ұсталған кезде арнайы цистерналарға 15 тоннаға жуық дизельді отын құйып алған.
Ұсталған азаматтар мен контрабандалық тауар одан әрі қарай істің мән-жайын анықтау үшін құзырлы орган өкілдеріне жіберілді.