Агенттіктің жазуына қарағанда, қырғызстандық Air Manas мен Avia Traffic Compan компаниялары және Өзбекстанның «Узбекистон хаво йуллари» ұлттық әуе ұйымы арасындағы келіссөздер 17-18 тамызда жүргізілген.
Тараптар Ташкент-Бішкек-Ташкент бағытында ұшақтарды аптасына төрт, ал Ош-Ташкент-Ош әуе рейсін аптасына бір рет ұшыруға келісті.
Одан бөлек, Ташкент-Тамчы (Ыстықкөл)-Ташкент, Бішкек-Самарканд-Бішкек және Ош-Самарканд-Ош бағыттары бойынша чартерлік рейстер жолаушыларға қызмет көрсете бастайды.