Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша «Ата-жұрт» фракциясының басшысы Қамшыбек Ташиев мінбеде партияаралық коалицияның перспективасына қатысты сөз сөйлеп тұрған. Сөз арасында ол үкіметтің кейбір мүшелерінің сыбайлас жемқорлық фактілілеріне қатысы болса, өзі басқарып отырған фракция коалициядан шығатынын мәлімдеді. Сол кезде «Республика» фракциясының өкілі Алтынбек Сүлейманов (ол да коалиция мүшесі) сөзге келіп қалып, оның соңғы төбелеске ұласқан. Куәгерлердің айтуынша, «Ата-жұрт» фракциясының басшысы Қамшыбек Ташиев пен депутат Садыр Жапаровтың беттері жарақаттанған.
Қазіргі кезде ҚР құқық қорғау органдары парламенттің кіретін және шығатын есіктерін қалқалап, ғимаратты қоршап алды. Төбелеске байланысты партия басшыларының шұғыл кеңесі өтуде.