«Бір-бір жарым ай қалды, комитет, фракцияларда пайдалы, жемісті жұмыс атқарайық. Өз қызметтерімізді лайықты орындайық», - деп атап өтті өз сөзінде А.Жээнбеков.
Оның айтуынша, қазан айында таза сайлау өткізіліп, содан кейін билікті келесі шақырылымға бейбіт табыстау болмақ.
«Бүгін біз үйлестіру кеңесін өткізіп, онда жұмыстың келесі тәртібін анықтаймыз», - деп түйіндеді Спикер.
Еске сала кетейік, елдің жоғары заң шығарушы органы - Жогорку Кенеш сайлауы ағымдағы жылдың 4 қазанында өтеді. ОСК-нің мәліметтерінше, сайлауға өкілдері 120 депутат мандаты үшін таласатын 14 саяси партия қатысады.