Қырғызстанның премьер-министрі Сооронбай Жээнбековтың пікірінше, енгізілген өзгерістер үкімет жұмысының тиімділігіне ықпал етпек.
Қырғызстан үкіметінің жаңа құрылымында 12 министрлік пен 4 мемкомитет бар. Жаңа мемлекеттік органдар: Ауыл шаруашылығы, Тағам өнеркәсібі мен мелиораци министрлігі, Ақпараттық технологиялар және байланыс мемлекеттік комитеті, Өнеркәсіп, энергетика және жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік комитеті.