АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбьек Атамбаев Ақсый оқиғасында қаза тапқандарды еске алуға арналған шараға қатысты.
Осыдан 10 жыл бұрын, 2002 жылдың 17 мамырында сол кездегі биліктің кінәсінен Ақсый ауданына қарасты Боспиек елді мекенінде Қырғызстанның 6 азаматының өмірін қиған оқиға орын алды.
А.Атамбаев өзінің жарлығымен 17 мамырды Ақсый оқиғасын еске алу күні деп жариялаған болатын. Президент Джалалабад облысының Ақсый ауданында мұражайдың ашылу рәсіміне қатысты.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.