Сапар аясында Жээнбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен шағын құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған.
Бұған дейін Қырғызстан Президентінің баспасөз қызметі екі елдің көшбасшылары кеңейтілген құрамда да келіссөздер өткізіп, онда екіжақты өзара іс-қимылдың және ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайтындығын хабарлаған болатын.
Сапар қорытындысында бірқатар құжатқа қол қойылып, мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдайды деп күтілуде.
Қырғызстан Президенті ресми сапары аясында Қазақстанның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевпен де кездесуі жоспарланған.