Оның айтуынша бүгін Парламент елдің Премьер-Министрі лауазымына Жапаровтың кандидатурасын бекіткеннен кейін Сооронбай Жээнбеков пен Садыр Жапаров кездесу өткізген.
«Премьер-Министр кездесу барысында өз талабын қойды – Президент бүгін кешке отставкаға кетуі керек. Сооронбай Жээнбеков дәл қазіргі уақытта президент лауазымын тастап кетуге құқығы жоқтығын тағы бір мәрте айтты, себебі мұның арты мемлекетке зиян шеккізіп, елестетуге қиын жағдайға апарып соқтыруы мүмкін. Ол 2020 жылдың 9 қазанында айтқан ұстанымын еске салды – парламенттік сайлау өткеннен кейін елдің жаңа президентін сайлау өтеді», - деді Стамалиева.
Еске салсақ, бүгін Қырғыз Республикасының Президенті Сооранбай Жээнбеков бүгін, 14 қазан күні «Қырғыз Республикасының Премьер-министрі мен Үкімет мүшелерін тағайындау» туралы Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, Қырғыз Жогорку Кенешінің төрағасы сайланды.4 қазан күні Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарды сайлау өтті. Депутаттық мандатқа 16 партия үміткерлік етті. Дауыс берудің алдын ала мәліметі бойыншы, 7% межені 4 партия еңсерді.
Ал, 5 қазан күні сайлау нәтижесіне көңілі толмаған бір топ адам орталық алаңда митинг ұйымдастырып, одан кейін Ақ үйге беттеді. Оларды тарқату үшін милиция көз жасаурататын газ, суатқыш және газ-шуылды құрылғылар қолданған. Бішкек уақытымен сағат 22.00-дегі мәлім бойынша, ауруханаға зардап шеккен 16 адам жеткізілген. Кейінгі мәлімет бойынша, зардап шеккен адамдар саны 911-ге жетті.
Елдің Ішкі істер министрлігі митингті ұйымдастырушылар мен партия басшыларын өз жақтастарын үйлеріне қайтаруға шақырды.