Қазақстандық елорданың ауысуы тарихына көз салған сарапшы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси еркі мен стратегиялық ойлауы мен даналығын атап өтті.
«Бүгінде Астана - Қазақстанның бетке ұстары, заманға сай және қарқынды дамып келе жатқан мегаполис бренді Орталық Азияның інжу моншағы інжу-маржаны атануға лайық. Ол барша әлемге Қазақстанның XXI ғасырдағы халықаралық беделін, саяси қуаттылығы мен экономикалық әлеуетін көрсетті. Қала күні оның негізін қалаушының туған күнімен сәйкес келді. 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстанның Жоғарғы кеңесі елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы тарихи шешім қабылданды. Назарбаевтың Астананың құрылуына қосқан мол үлесін мойындау ретінде қазақстандық қоғамның он жыл бұрын бірауыздан 6 шілдені Қала күні ретінде жария етуі заңды.
2017 жылы Қазақстан және Астана тарихында жаңа парақ ашады. «ЭКСПО» халықаралық көрмесі мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне елдің мүше болуы әлемдік қоғамның назарын Қазақстанға аудырады.
Қырғызстандықтардың атынан бауырлас Қазақстан халқын және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевты атаулы мерекелермен құттықтап, бақыт пен өркендеу және тату достық қарым-қатынасымыздың кеңеюін тілеймін», - деді ол.