Әскерилерді тамақтандыруға қаржы жетіспеушілігі жайында мәселені адам құқығы жөніндегі уәкіл Құбат Оторбаев Қорғаныс мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Марат Кенжесариевпен кездесуінде көтерген.
«Қазіргі таңда әскерилерді тамақтандыруға күніне 60 сом бөлінеді. Бұл жеткіліксіз. Салыстыра айтсақ, түрмедегі жазасын өтеушіні тамақтандыруға күніне 86 сом бөлінеді», - деді омбудсмен.