Қырғыз шекарашылары Қазақстаннан контрабандалық жолмен жанар-жағармай өткізетін шлангты анықтады (ФОТО)

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі басқармасының Шу облысы бойынша «Токмок» шекара заставасының шекарашылары Қазақстаннан Қырғызстанға жанар-жағармай ЖЖМ (дизельдік отын) заңсыз, жасырын өткізетін шлангты анықтады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы МШҚ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Шланг шекара маңындағы Шу өзенінің жағасындағы жерге көміліп, одан әрі су астымен Қырғызстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткен. Жағармай шлангының ұзындығы шамамен 1500 метр, диаметрі - 500 мм.

Шекарашылар шлангты анықтағаны туралы құзырлы органдарға хабарлады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.