Қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болып, 5 адам жарақаттанды

Фото: None
БІШКЕК-НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Бүгін қырғыз-тәжік мемлекеттік шекара учаскесінде қарулы қақтығыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғыз Республикасымемлекеттік шекара қызметінің қоғаммен және БАҚ-пен байланыс жөніндегібөлімінің хабарлауынша, оқиға кешкі жергілікті уақытпен сағат 17.20-да болған.

«Бүгін, сағат 17:20-да Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтарыарасында қақтығыс болды. Жанжалға Ворух (Тәжікстан Республикасы) ауылындағытұрғындардың елді мекеннің кіре берісіне флагшток орнатуы себеп болды. Ақсай(Қырғыз Республикасы) ауылының тұрғындары бұл әрекетке қарсы шығып, екі жақәуелі сөзге келіп, кейін қару қолданылған. Оқты азаматтық тұлға аңшы мылтығынанатқан», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, атыстан 5 адам жарақат алған. Қазір Исфара-Ворух жолжабық тұр.

«Бұл аумақта негізінен Қырғыз Республикасының шекарабөлімшелері орналасқан. Екі елдің шекарашылары қақтығыстың қайталанып, ушықпауыүшін бірлескен іс-шаралар өткізуде. Оқиға орнында сондай-ақ, екі елдің құқық қорғау органдары менжергілікті билік өкілдері де жұмыс жүрігізіп жатыр», - делінген агенттіктіңақпаратында.

Соңғы жаңалықтар