Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тұрақтала бастады

Фото: None
БІШКЕК-НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең қырғыз-тәжік шекарасындағы атыс тоқтап, жағдай тұрақтала бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Атыс болған учаскедегі шекаралық бөлімшелеркүшейтілген қызмет режиміне көшірілген.

Исфара – Ворух автожолындағы қозғалыстоқтатылған.

«Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара өкілдері,сондай-ақ құқық қорғау органдарының, жергілікті билік органдарының өкілдері оқысоқиғаны тоқтатып, оның одан әрі өршуіне жол бермеу шараларын қарастырып жатыр»,- делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше қырғыз-тәжікмемлекеттік шекара учаскесінде қарулы қақтығыс болған еді.

Жанжалға Ворух (Тәжікстан Республикасы)ауылындағы тұрғындардың елді мекеннің кіре берісіне флагшток орнатуы себепболды. Ақсай (Қырғыз Республикасы) ауылының тұрғындары бұл әрекетке қарсышығып, екі жақ әуелі сөзге келіп, кейін қару қолданылған. Оқты азаматтық тұлғааңшы мылтығынан атқан.

Соңғы жаңалықтар