Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай ушығып тұр: шекарашыға оқ тиді

Фото: None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдай ушығып тұр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасы Мемлекеттікшекара қызметінің қоғаммен және БАҚ-пен байланыс бөлімі хабарлағандай, шекара маңында тұратын халықпен түсіндіружұмыстарын өткізу кезінде Тәжікстантарапынан Қырғызстан азаматына екі рет оқ атылған. Соның салдарынан ҚР Шекарақызметінің әскери қызметкері жараланды. Кездесуге Қырғыз РеспубликасыМемлекеттік шекара қызметінің төрағасы Уларбек Шаршеев, Қырғызстан билігініңБаткен облысындағы өкілетті өкілі Акрам Мадуамаров қатысқан.

Шекара бөлімшелері мемлекеттікшекараның аталмыш аумағында қызмет атқарудың күшейтілген режиміне көшірілді.

Исфара-Ворух автожолындағықозғалысқа шектеу қойылды. Сондай-ақ, Тәжікстан азаматтары Исфана-Баткен тасжолындағы қозғалысты тоқтатты.

Бүгін, 2019 жылғы 23 шілде күні,Қырғызстан мен Тәжістан елдерінің шекара ведомстволары басшыларының кездесуіөтеді деп жоспарланған.

Еске салайық, қырғыз-тәжікшекарасындағы кезекті қақтығыс кеше, 2019 жылғы 22 шілдеде, шамамен сағат17.30-да орын алған еді.