Президент аппаратының жетекшісі Фарид Ниязов бұл тапсырманы үкіметке, вице-премьер-министр Гүлмира Құдайбердиева мен Ош облысы үкіметінің уәкілетті өкілі Таалайбек Сарыбашевке жүктеді.
«Үкімет баланы тауып, оған қамқор болады. Сонымен қатар, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елдің базарларындағы балаларға қатысты жағдайларды жіті тексеру керек», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, осыған дейін K-News әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан суретті жариялады. Кішкентай ұл бала контейнерлер жанында жерге төселген картон қағаз үстінде ұйықтап жатқан. Желі белсенділерінің айтуынша, бұл сурет Ошта Қара-Суу базарында түсірілген.