Қырғыз зілтеміршісі допинг қолданғаны үшін Рио Олимпиадасының қола жүлдесінен айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорт артибтраж соты (CAS) Рио Олимпиадасында 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болған қырғыз зілтеміршісі Иззат Артықовты медалінен айырды.

Оның  допинг-сынамасы ағзасында стрихнин деп аталатын тыйым салынған заттың барын көрсеткен, деп хабарлайды  CAS ресми сайтына сілтеме жасап Лента.ру.

Sport АКИpress ақпаратына қарағанда, қола медалі үшін Артықов «Қырғызстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағын алуы тиіс екен.

22 жастағы спортшы 10 тамызда 339 ұпаймен (жұлқа көтеру - 151 келі, серпе көтеру - 188 келі) қола медальді жеңіп алған болатын. Бұл жүлде Рио ойындарындағы Қырғызстан құрамасының бірден-бір медалі еді.