Қырғыздар Олимпиада ойындарына қалай дайындалу керектігін қазақтардан үйренбек

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Қырғыздар Олимпиада ойындарына қалай дайындалу керектігін қазақтардан үйренбек. Бұл туралы бүгін Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің үшінші отырысында айтты.

«206 ел қатысқан Олимпиадада Қазақстан 12-ші орынға тұрақтады. Менің ойымша, бұл Қазақстанның дұрыс жолда екендігін көрсетеді әрі біздерге тіпті осы мәселеде де үйренеріміз бар. Біздердің жаттықтырушыларымыз, спорт басшыларымыз бен шенеуніктеріміз сіздерге барып, Олимпиадаға қалай дайындалу керектігін үйренетін болады»,- деді А.Атамбаев.

Сонымен қатар ол барша Қырғыз халқының ХХХ жазғы ойындар барысында Қазақ елінің олимпиадашылары үшін жанкүйер болғандығын әрі боксшымыз Серік Сәпиевтің шаршы алаңдағы ұрыс мәнеріне өзінің тәнті болғандығын баса айтты.

«Біз бұл сайыстарды көрдік және де жасыратыны жоқ, барша қырғызстандық Қазақстанға жанкүйер болды. Біз ел экономикасы тұрақты болса,  бұл барлық салаға, білімге де, спортқа да әсер ететіндігін көріп отырмыз», - деді ҚР Президенті.