«Артиллериялық снарядтарды қаланың Мәскеу көшесіндегі кәріз желісінің қақпағын ашып көрген тұрғындар тауып алған. Бұл желі «Кант-МТС» акционерлік қоғамының ғимараты орналасқан жердің астымен өтеді», - делінген ТЖ ресми хабарламасында. Оқиға орнына дереу жеткен саперлер снаряд арсеналын жер бетіне аман-есен шығарып алды. Қазір оларды Бас штабтың арнайы полигонында жарып жіберу үшін алып кеткен. Қазір оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүруде. Айта кету керек, КСРО кезінде Қант аумағында бірнеше әскери бөлімше болды. Ал 1999-2000 жылдары ел аумағына жан-жақтан еніп кеткен халықаралық террористермен күрес үшін әскери әуе айлағындағы барлық қару-жарақ пен сайман-құрал оңтүстікке көшірілді.
13:55, 04 Ақпан 2016
Қырғыздардың Қант қаласындағы кәріз желісінен 233 снаряд табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыздардың Қант қаласындағы кәріз желісінен 233 снаряд табылды, деп жазады 24.kz.