Қырғызстан ағымдағы жылы Қазақстан мен Ресейден астық сатып алуды жоспарлауда

БІШКЕК. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қырғызстан астық сатып алу бойынша негізгі сауда серіктесі ретінде Қазақстан мен Ресейді қарастырып отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өткен аптаның соңында Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстанның Ауыл,су шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігінің статс-хатшысы Қамбарәлі Қасымов мәлім еткендей, 2009 жылы қырғыз тарапы мемлекеттік материалдық резервті толтыру үшін Қазақстан мен Ресейден 100-200 мың тоннадай астық сатып алуды жоспарлауда.