Қырғызстан астанасындағы жағдай қалыпты – Бішкек ІІББ

Фото: None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – 7 тамыз күні Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың үйінде болған оқиғалардан кейін бүгін Қырғызстан Бас прокуратурасы «Жаппай тәртіпсіздіктер», «Бұзақылық», «Адам өлтіру», «Адамды кепілге алу» баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Айтакетейік, бүгін Қырғызстанға 9 тамыз күні Шолпан атада болатын ЕАЭО елдерініңүкімет басшылары кездесуіне ресми делегациялар келеді. «Елдегі оқиғаларғақарамастан, Еуразия үкіметаралық кеңесі белгіленген уақытында өтеді», - депмәлімдеді Қырғыз Республикасы премьер-министрінің баспасөз хатшысы ӘділетСұлтаналиев.

Атамбаевтыарнайы ұстау шарасы Ыстықкөлдегі туризм маусымының қызған шағында іскеасырылуда. Осыған орай Қырғызстан туризм департаментінің директоры Максат Дамируулу туроператорларға үндеу тастады:

«Егерсіздерде Бішкек аумағында қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет туристер тобыболса, маған хабарласыңыздар... Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басбасқармасымен бірге оны ұйымдастыруға әрекет жасаймыз», - деді ол.

Бішкекішкі істер бас басқармасының мәлімдеуінше, Бішкек милициясының жеке құрамы азаматтармен астана қонақтарының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін штаттықрежимде орындап отыр. Қазіргі кезде қаладағы жағдай қалыпты, милицияқызметкерлерінің бақылауында.

Автор:Наталья Гильт

Фото: kabar.kg

Соңғы жаңалықтар