Орнынан кеткелі жатқан қалалық муниципалитет басшысы үш жыл бойы Бішкекті дамытып, жақсартуға бар күшін салғанын айтты. Жетістіктердің бірі ретінде ол Ош пен Орто-Сай базарларында тәртіптің қалпына келтірілгенін, 118 шақырым автожол салынып, жөнделгенін, астана маңындағы тұрғын үй алқаптарының көркейтілгенін атап өтті.
Сонымен бірге, И.Өмірқұлов ерікті түрде қызметінен кетуін жақында қозғалған қылмыстық істермен байланыстырмауды сұрады. Осыған дейін И.Омарқұловқа қатысты ҚР ҚК-нің төрт бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны Қырғызстанның бас прокуратурасы хабарлады. Қырғызстан астанасының жетекшісіне қатысты Даир Асанов атындағы саябақ аумағын қысқартуға байланысты заңбұзушылықтарына қатысты мәліметтер бар. Саябақтың жер бөліктерінің бөлігі элиталық тұрғын үй мен сауық құрып, көңіл көтеретін кешендерді салу үшін пайдаланылған.