Қырғызстан аумағында тағы жер сілкінді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 27 маусымда сағат 11:08 минутта «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансасы желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан мен Қытайға шекаралас жерде Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 478 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісі энергетикалық класы - 10,5. Тербелісі - 4,8. Тереңдігі - 5 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілмеді.