«Қырғызстан азаматшасы 7 тамызда болған жол-көлік апатында алынған жарақаттардан қаза тапты. Қазір жапа шегушінің мәйітін әкелу жайы шешіліп жатыр. Бұл мәселемен бас консулдықтың қызметкерлері айналысуда», - делінген хабарламада.
Қырғызстан СІМ ақпаратынша, Түркия азаматы мас күйінде көлік басқарған, тіпті оның көлік жүргізу куәлігі де болмаған.