Қырғызстан азаматы 19 келі героинмен ұсталды

ШЫМКЕНТ. 12 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» аймақтық шекара басқармасының шекарашылары Қырғызстан Республикасының азаматын 19 келі героинмен қолға түсірді,

деп хабарлады аталмыш басқарманың баспасөз қызметінен.

 «Сыпатай батыр» шекаралық бақылау бөлімінде шекарашылардың қырағылық танытуымен және қызметтік иттің көмегімен«Хонда - Одиссей» маркалы көлікпен Ресей Федерациясына жол тартқан Қырғызстанның азаматы ұсталды. Көліктің  багінде 13 пластикалық бөтелкеге жасырылған 19 келі 672 грамм  героин табылды», - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

  Шекарашылар сонымен қатар ұсталған азамат ҚР Заңына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.