Қырғызстан азаматы шекарадан 8 тонна үйрек етін жасырын өткізбек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-қырғыз шекарасы арқылы үлкен көлемдегі құс етін заңсыз өткізбек болған азаматтың жолы кесілді. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Қордай шекара отрядына қарасты «Қарасу - авто» бақылау-өткізу бекетінің шекрашылары салмағы 8 тонна болатын үйректің етін жасырын өткізуге тырысқан Қырғызстан азаматын ұстады.

Аталған жүк 37 жастағы қырғызстандық азаматтың тіркемелі «Даф» жүк көлігінің жасырын бөлігінен табылды.

Аталған дерек бойынша Қордай аудандық прокуратурасы хабарландырылды. Ал жүктің өзі Қарасу ауылындағы ветеринарлық қызмет өкілдеріне тапсырылды.