Қырғызстан Бәкиевтің інісіне қатысты оқиғадан кейін Беларустан Елшісін шақыртып алды

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Бішкекте халықаралық іздеу жарияланған елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бәкиевтің інісі Жәнібектің Минск орталығындағы дәмхананың кіреберісіндегі фотосуреттері ғаламторда жарияланғаннан кейін Қырғызстан кеңесу үшін Беларустан Елшісін шақыртып алды,

деп хабарлайды Утро.ру.

«Аталған шара (Елшінің шақыртылуы) белорус тарапының құзыретті органдарының Қырғызстанның құқық қорғау органдары мен Интерполдың бұған дейін жасаған аса ауыр қылмыстары үшін іздеуінде жүрген Қырғыз Республикасының азаматы Жәнібек Бәкиевтің Беларусь Республикасының аумағында болуына қатысты 21 тамыздағы ауызша айтылған нотасын елемеуіне байланысты қабылданды», - деп түсіндірді Қырғызстанның сыртқы саясат ведомствосы.