Қырғызстан бозаны өндіру технологиясын патенттеді

Фото: None
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат - Қырғызстанда боза шығарудың теxнологиялық желісіне патент берілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан азаматтары - А.Садиева, Н.Тилемишова,А.Абдраимов, Р.Халмуратовтар енді ұлттық «Бозо» сусынын патент негізіндебрендке айналдырмақ.

Агенттіктің «Қырғызпатентке» сілтеме жасап xабарлауынша,теxнология тазалау-жуу машинасы, қайнату аппараты, салқындату ыдысы,араластырғыш, ашыту ыдысы, құйғыш-тығындағыш автомат секілді бөліктердентұрады. Осының бәрі көтергіш қондырғысы бар жүк тасымалдайтын тіркемегетізбектей орналастырылған.

Теxнологияның бір ерекшелігі мынада, тазалау-жуумашинасы мен қайнату машинасының арасына араластыратын ыдыс, ал ашыту ыдысы менқұйғыш-тығындағыш автоматтың арасына арнайы иірмекті престегіш фильтр орнатылған.

Боза — дәнді дақылдардан ашытып жасалатын ежелгі әлсіз ішімдік.Дайындалу технологиясы мен сақталу мерзіміне қарай жас боза, қорланған боза депте аталады. Жас боза құрамында 4 —6%, ал қорланған бозада 12 — 15% спирт болады.