Қырғызстан циркінде көрсетілімге дайындық кезінде аю бір қызметкерді жарып тастады

АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Бішкекте республиканың мемлекеттік циркінде төтенше оқиға орын алды. Ресейлік труппаның қойылымға дайындығы кезінде аю адамдарға шабуыл жасады,

 деп хабарлады    ИТАР-ТАСС агенттігі.

Жедел жәрдем  қызметкерлерінің айтуынша,    шабуыл  кезінде алған  жарақаттан   цирктің 25 жастағы әкімшісі   Дмитрий Потапов  көз жұмды.   Аюандарды үйретуші   29 жастағы  Дмитрий Попов бас,  иық,    жамбас    жарақаттарымен      Бішкектегі  №4  ауруханаға     түсті. Қазір дәрігерлер  оған    шұғыл көмек көрсетіп  жатыр.

Аюды  милиция  қызметкерлері атып   өлтірді.