деп хабарлайды ҚазАқпарат қырғыз үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қырғыз Республикасы Үкіметінің басшысы атап айтқанда, 2008 жылы желтоқсанның 12-сінде Мәскеуде қол қойылған Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің Энергетикалық нарығын ақпараттық қамтамасыз етудің ортақ жүйесін қалыптастыру туралы келісімді бекіту туралы қаулыға қол қойды.
Сондай-ақ И.Чудинов 2008 жылы желтоқсанның 12-сінде қол қойылған ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерін үйлестірудің негіздері туралы келісімге өзгертулер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы қаулыға да қол қойды.