Қырғызстан халқының саны алдағы күзде 6 миллионға жетеді - А. Атамбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазан айында Қырғызстан тұрғындарының саны 6 миллионға жетеді. Бұл туралы президент Алмазбек Атамбаев сенбі күні батыр-аналарды марапаттау салтанатында мәлім етті деп хабарлайды КирТАГ.

«Аналардың арқасында 2015 жылы күзге қарай Қырғызстан халқының саны 6 миллионға жетуі тиіс. Елдегі демографиялық көрсеткіштер тәуір.

«Пейіш аналардың аяғының астында» деп айтады. Мен бізде осындай батыр-аналардың бар екендігін мақтан тұтамын. Біздің байлығымыз мұнай немесе газ емес, біздің аналарымыз. Мен баршаны Аналар күні өз аналарына барып, оларды мерекелерімен құттықтауға шақырамын»,-деді президент.

«Бұл мейрам бізде қалыптасып кетеді. Және мен аналардың арқасында біздің халқымыз 10 миллионға жететіндігіне сенімдімін»,- деді А. Атамбаев.