Қырғызстан ІІМ-де 6 дербес қызмет құрылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан ішкі істер министрлігінде 6 дербес қызмет құрылды, деп хабарлайды akipress.org .

Министрлік баспасөзының мәліметінше, қызметтер Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың «Қырғыз Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесін реформалау шаралары туралы» жарлығын және «ҚР ІІБ реформалау шаралары туралы» үкіметтің қаулысы бойынша құрылған.

Сонымен, министрлікте мынадай қызметтер ұйымдастырылды:

1. Криминалдық милиция қызметі

2. Есірткі айналымымен күрес қызметі

3. Ішкі тергеу қызметі

4. Тергеу қызметі

5. Экстремизмге қарсы іс-қимыл және заңсыз көші-қон қызметі

6. Қоғамдық қауіпсіздік қызметі.