Қырғызстан ІІМ оң рөлді көлікті тасуға тыйым салуды ұсынды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі үкіметке жол қозғалысын реттейтін заң жобасы аясында елге оң рөлді көлікті тасуға тыйым салуды ұсынды.

Министрліктің мәліметінше, ел аумағына әкелінген оң рөлді көліктің көбеюі жол апаттарының артуына әкеліп соқты.

Жол қозғалысының мамандары аталмыш көлік құралдарының апаттық жағдайы тым жоғары деп санайды. Олардың айтуынша, 2009-2012 жылдар аралығында сырттан келген оң рөлді көліктің көрсеткіші елдегі жалпы көлік санының 30 пайызын құрап отыр.

Қазіргі уақытта ІІМ ұсынған заң жобасы елде қызу талқыланып жатыр. Қоғамдық тыңдаулар өткен соң, жоба барлық министрліктермен келісіліп, үкіметтің қарауына жолданады. Одан соң заң жобасы ел парламентінде талқыланады.

Бұған дейін оң рөлді көліктерге кедендік баж салығын көтеру туралы ұсыныс түскен болатын. Сондай-ақ ІІМ мәліметінше, министрлік елдегі қолданыстағы оң рөлді көліктерге қатысты қандайда бір санкция қолданылмайды.